Телефон параметрлері
Мәзір
>
Параметрлер
және
Телефон
тармақтарын таңдаңыз.
Мыналардың бірін таңдаңыз:
Тіл баптаулары — Құрылғының тілін орнату үшін
Телефон тілі
тармағын және
керекті тілді таңдаңыз. SIM картасындағы ақпаратқа байланысты құрылғының
тілін орнату үшін
Телефон тілі
>
Автоматты
тармағын таңдаңыз.
Жад жағдайы — Жад көлемін тексеру.
20
Құрылғыны өзіңіздікі етіп қойыңыз
Авто. клав. қорғ-шы — Құрылғы негізгі экран режимінде тұрған кезде алдын ала
белгіленген кідіріс уақытынан кейін ешқандай функция пайдаланылмаған болса
пернетақтаны автоматты түрде құлыптау.
Қауіпс. клав. қорғ-ы — Құрылғыны пернетақтаның құлпын ашу үшін қауіпсіздік
кодының сұралуын орнату.
Дауысты тану — Дауыстық командаларды орнату немесе дауысыңызды тану
жаттығуын бастау.
Ұшу сұрауы — Құрылғыны қосқанда, ұшу режимін қосу сұралуын орнату. Ұшу
режимінде, барлық радио қосылымдар жабылады.
Телефон жаңарт-ры — Қызмет провайдеріңізден (желілік қызмет)
бағдарламалық құрал жаңартуларын алуға мүмкіндік береді. Қолдануға болатын
опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
Операторды таңдау — Пайдаланылатын желіні қолмен таңдау.
Анық. мәт. іске қосу — Құрылғыны анықтама мәтінін көрсететін етіп орнату.
Қосу үні — Телефонды қосқанда үнді ойнату.
SIM әрекетт-н растау — SIM картасынан қосымша желі қызметтеріне қол
жеткізу. SIM картасына байланысты бұл опция болмауы мүмкін.