Дауыспен нөмір теру
Контактілерде сақталған нөмір атын айту арқылы қоңырау шалыңыз.
Дауыс командалары тілге байланысты болатындықтан, дауыспен теруден бұрын
Мәзір
>
Параметрлер
және
Телефон
>
Тіл баптаулары
>
Телефон тілі
тармақтарын және тіліңізді таңдаңыз.
Ескерім: Дауыс белгісін шулы ортада немесе шұғыл жағдайда қолдану қиын
болуы мүмкін. Сондықтан, нөмірді дауыспен теру мүмкіндігі барлық жағдайларда
қолайлы болмауы мүмкін.
1 Негізгі экранда оң жақ таңдау пернесін басып тұрыңыз. Қысқа үн естіледі де,
дисплейде
Үн белгісінен кейін сөйлеңіз
көрсетіледі.
2 Нөмірін тергіңіз келетін контакт атын айтыңыз. Егер дауысты тану сәтті болса,
ұсынылатын сәйкестіктердің тізімі шығады. Құрылғы тізімдегі бірінші сәйкес
келген дауыс командасын ойнатады. Команда дұрыс болмаса, басқа нөмірге
өтіңіз.