Nokia 6303i Classic - Қолдау

background image

Қолдау және жаңартулар

Nokia компаниясы құрылғыңыздың пайдасын барынша көруге көптеген

жолдармен көмектеседі.

Қолдау
Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат алу немесе құрылғымен жұмыс жасау

жолдарын көру үшін, пайдаланушы нұсқаулығын, www.nokia.com/support веб-

торабындағы қолдау веб-беттерін, жергілікті Nokia веб-торабын немесе ұялы

құрылғы көмегімен www.nokia.mobi/support веб-торабын қараңыз.

Егер бұл мәселені шешпесе, төмендегілердің біреуін орындаңыз:

Құрылғыны қайта іске қосыңыз: құрылғыны өшіріп, батареяны шығарыңыз.

Бір минуттай уақыт өткен соң, батареяны салып, құрылғыны қосыңыз.

Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей зауыттық параметрлерді

қалпына келтіріңіз.

Жақсы жұмыс атқаруы және жаңа мүмкіндіктерді алу үшін, пайдаланушы

нұсқаулығында айтылғандай құрылғыңыздағы бағдарламалық құралды

уақытылы жаңартып тұрыңыз.

Егер мәселе шешілмей қалса, жөндету үшін, Nokia компаниясына хабарласыңыз.

Мына веб-тораптарды қараңыз: www.nokia.com/repair. Құрылғыны жөндетуге

Қолдау және жаңартулар

17

background image

жібермес бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін жасап

алыңыз.