Nokia 6303i Classic - Рұқсат кодтары

background image

Рұқсат кодтары
Құрылғының рұқсат кодтары мен қауіпсіздік параметрлерін пайдалану әдістерін

орнату үшін

Мәзір

>

Параметрлер

және

Қауіпсіздік

>

Ену кодтары

тармақтарын

таңдаңыз.

Қауіпсіздік коды құрылғыңызды рұқсатсыз пайдаланудан сақтандыруға

көмектеседі. Алдын ала орнатылған код 12345. Осы кодты өзгертіп,

құрылғыны кодты талап етуге орнату мүмкін. Кейбір амалдар орнатылған

параметлерге қарамай қауіпсіз кодты талап етеді, мәселен өндіруші орнатқан

параметрлерін қалпына келтіру үшін. Кодты құпиялы түрде және

телефоныңыздан бөлек жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және

құрылғыңыз құрылғыңыз құлыпталып қалса, құрылғыңызға қызмет көрсету

талап етіледі. Қосымша шығындар болуы және құрылғыдағы барлық

деректер жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care

орталығымен немесе құрылғыңыз сатушысымен хабарласыңыз.

SIM картасымен бірге берілетін PIN коды картаны рұқсатсыз пайдаланылудан

қорғауға көмектеседі.

SIM карталарымен бірге берілетін PIN2 коды белгілі қызметтерге қол жеткізу

үшін қажет.

PUK және PUK2 кодтары SIM картасымен бірге берілуі мүмкін. Егер PIN кодын

қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, PUK кодын енгізу қажет болады. Кодтар

берілмеген болса, қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.

Құрылғыға келетін немесе одан шалынатын қоңырауларды шектеу үшін

қоңырауға тыйым салу қызметі (желілік қызмет) қолданылған кезде тыйым

салу кілтсөзі талап етіледі.

Шолғыштың қауіпсіздік модуль параметрлерін көру немесе өзгерту үшін,

Мәзір

>

Параметрлер

және

Қауіпсіздік

>

Қауіпсіздік модулі

тармақтарын

таңдаңыз.

12

Оны қосу